Балаларды есту аппараттарына бейімдеу бойынша ата-аналарға арналған ұсынымдар
Балаларды есту аппараттарына бейімдеу – әр балаға арналған жеке бағдарлама.
Балалардың ересектерден айырмашылығы, олар әртүрлі зақымдайтын факторларға, соның ішінде шамадан тыс дыбыстық жүктемелерге жиі ұшырайды. Осыған сүйене отырып, әр бала үшін есту аппараттарына бейімделудің арнайы кестесі жасалады.
Ерте жастағы балалардағы алғашқы протездеу стратегиясы есту аппараттары протез емес, есту арқылы қабылдауды дамытуға арналған жаттығу құрылғысы дегенді білдіреді.
Бейімделудің бірінші кезеңі дыбыстық әсер уақытын біртіндеп арттыруды білдіреді.
Екінші кезең – дыбыс қарқынын біртіндеп арттыру.
Баланы есту аппараттарына бейімдеу үдерісіне бақылау күнделігінде баланың есту аппаратына теріс қатынасын, шаршауын, қатты дыбыстардан мазасыздану сияқты реакцияларын жазып отыратын ата-аналар белсенді қатысады.
4 жасқа дейінгі балалардың есту мүшесін протездеу үдерісінің ерекшелігіне протездеу сапасын баланың сөздерді үйрету жылдамдығы мен біріктірілген сөйлеу тілі бойынша ғана бағалауға болатындығы жатады. Баланың даму барысын және ата-анасының күнделіктерін талдай отырып, аудиолог есту аппаратының параметрлеріне түзету енгізеді немесе оны ауыстыру туралы шешім қабылдайды. Баланың есту мүшесін протездеу үшін 3 айдан 6 айға дейін уақыт қажет және ол ата-аналардың белсенді қатысуымен және дәрігердің үнемі бақылауымен ғана сапалы түрде қамтамасыз етіледі.