eyeslabkaz

Орталық Туралы

      Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби еңбекпен оңалту орталығы (ӘБЕО орталығы) Қазақстан Республикасындағы дамуында бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерді құқықтық және әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қолдаудың дамуына көмектеседі.
     Орталықтың құрылымы:
     Үдерістік менеджмент пен құқықтық қамсыздандыру басқармасы
     Үдерістік менеджмент пен құқықтық қамсыздандыру басқармасы республикада білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау ұйымдарына арналған заманауи және сапалы медициналық, көмекші компенсаторлық құралдар мен заттық-дамытушы ортаны алға жылжыту және ендіру мақсатында ұйымдастырылған.
     Басқарма:
     - тексеру зертханасынан;
     - қызмет көрсету және техникалық қамтамасыз ету бөлімінен;
     - сату және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінен құралады.
     Тексеру зертханасы өлшеу құралдарын – есту қабілетін тексеруге арналған (аудиометриялық) құралдарды тексеруді және калибрлеуді жүзеге асырады. Зертхана мамандарының «Акустикалық өлшемдерді өлшеу құралдарын тексеруші» деген сертификаттары бар. Аккредиттелген тексеру зертханасында аудиометриялық құрылғының барлық түрлерін сапалы және дәл тексеру мен калибрлеуге арналған жабдықтардың толық спектрі бар.
     Қызмет көрсету және техникалық қамсыздандыру бөлімі өнімге берілетін кепілдіктік, кепілдіктен кейінгі техникалық және сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
     Сату және құқықпен қамсыздандыру бөлімі есту, сөйлеу тілі, көру, тірек-қимыл және зерде бұзылыстары бар адамдарға арналған аудиометриялық құралдар мен заманауи өнімдердің кең ассортиментін, сонымен бірге есту аппараттарын; дамытушы жұмсақ және сенсорлық жабдықтар мен ойыншықтарды; механотерапиялық жаттығу құрылғылары мен оңалту комбинезондарын; интерактивті және мультимедиалық жабдықтарды; логопедтік зондтар мен жаттығу құрылғыларын сатады.
     Орталық өндіруші зауыттардың өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында сататын ресми өкіл болып табылады.
     Қызығушылық тудырған өнім туралы қосымша ақпарат және кеңес алу бойынша, сондай-ақ серіктестік ұсыныстармен Тауарлар каталогі бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша немесе байланыс телефондары: +7 (727) 395-83-30, 395-85-11 арқылы хабарласуға болады, сондай-ақ электрондық мекенжайға: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жазуға болады.

     Оқу және әдістемелік қамсыздандыру басқармасы
     Барлық типтегі арнайы (түзету) білім беру мекемелеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде, соның ішінде Брайль бедерлі-нүктелі қаріппен және ірілендірілген қаріппен жазылатын оқу-әдістемелік кешендер (оқулық, жұмыс дәптері, әдістемелік құрал т.б.) мен әдістемелік әдебиеттерді әзірлейді, басып шығарады және жеткізеді.
     Басқарма:
     - Қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімінен;
     - Редакция-баспа бөлімінен;
     - баспаханадан құралады.
     Қосымша білім берудің білім беру оқу бағдарламалары бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бөлімі
Арнайы және инклюзивті білім беру мамандарының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бөлімі ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» Заңын, «Білім беруді ұйымдастыру қызметінің үлгілік ережелерін» басшылыққа ала отырып, арнайы білімнің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, кәсіби білімді, дағдыны және іскерлікті тереңдету мақсатындағы арнайы білім беру жүйесінің бағдарламаларын жүзеге асырады.
     Бөлімнің негізгі міндеттері:
     - білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдермен және балалармен жұмыс жүргізетін арнайы педагогтердің біліктілігін арттыру;
     - «Дефектология» мамандығы бойынша "Олигофренопедагог", "Логопед", "Сурдопедагог" біліктіліктерін қашықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, жоғары педагогикалық білімі бар, бірақ базалық дефектологиялық білімі жоқ педагогтер мен тәрбиешілерді, сондай-ақ арнайы ұйымдардың арнайы орта педагогикалық білімі бар тәрбиешілерді қайта даярлау.
     Оқуға қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін хабарласуға болатын байланыс телефондары: +7 (727) 395-83-26, 395-83-24, +7 747-223-98-82, сондай-ақ электрондық мекенжайға: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жазуға болады.
     Редакция-баспа бөлімі
Бөлімнің негізгі міндеті ӘБЕО орталығының редакциялау-баспа қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады. Бөлім республикада білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды оқу (білім беру) үдерісімен, соның ішінде Брайль қарпімен басылған оқу әдебиетімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына жауап беретін арнайы оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеумен, бейімдеумен және басып шығарумен айналысады.
Қызығушылық тудырған оқу, оқу-әдістемелік және басқа да әдебиеттерді сатып алуға қатысты сұрақтар бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Тауарлар каталогі бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша немесе байланыс телефоны: +7 (727) 394-43-66 арқылы хабарласуға болады, сондай-ақ электрондық мекенжайға: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. жазуға болады.
     Баспахана
     Брайль қарпімен қоса оқу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, бланк өнімдерін басып шығаруға және ӘБЕО орталығының барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін қамтамасыз ету мүддесінде нормативтік, техникалық, жарнамалық және басқа да құжаттарды тираждауға бағытталған ӘБЕО орталығының сапалы полиграфиялық өндірістік қызметімен айналысады. Баспахана полиграфиялық жұмыстардың барлық кезеңін – баспаға дейінгі даярлық (баспаалды), баспа (баспа) және баспадан кейінгі өңдеу (баспадан кейінгі) қамтиды.
     Диагностикалау және түзету бөлімі:
     1) Сурдологиялық кабинеттен;
     2) Невропатолог және электроэнцефлограмма кабинетінен құралады.

     Сурдологиялық кабинет
     Сурдологиялық кабинетте есту қабілеті төмен балалар мен ересектерге көрсетілетін кеңес беру-диагностикалау көмегі:
- жаңа туылған сәби мен ерте жастағы балалардың есту қабілетін тексеру (скрининг және тереңдете тексеру), есту қабілетінің төмендеу дәрежесін анықтау;
- есту аппараттарын таңдау және теңшеу (жасанды есту мүшесін орнату);
- Oticon A/S (Дания) өндірісінің есту аппараттарын сату;
- жеке құлақ жапсырмаларын (отопластика) дайындау;
- MED-EL сөйлеу тілдік процессорларын тексеру және жиынтық бөлшектерін сату;
- балалар мен ересектерге жасанды есту мүшесін орнату және кохлеарлық импланттау кезінде есту-сөйлеу тілдік оңалту жұмысын жүргізу;
- сатып алынған есту аппараттарына сервистік және техникалық қолдау қызметтерін көрсету.
     Қабылдауды сурдология, сурдопедагогика, есту аппараттары мен сөйлеу процессорларын таңдау және теңшеу, жеке құлақ жапсырмаларын жасау бойынша арнайы даярлықтан өткен мамандар жүргізеді.
Врач-отоларинголог/сурдолог: Кравченко Екатерина Владимировна
Жасанды есту мүшесін орнатушы: Бейсембиева Елена Валерьевна
Жеке құлақ жапсырмаларын дайындау технигі: Гартман Александр Викторович

Невропатолог және электроэнцефалограмма кабинеті
Невропатолог-эпилептолог: Петров Андрей Викторович
Невропатолог: Айтжанова Райгуль Климовна, медицина ғылымының кандидаты, жоғары санаттағы дәрігер
Электроэнцефалография – ЭЭГ: Денисова Галина Юрьевна, ЭЭГ дәрігері
Дәрігер қабылдауына тіркеу бөлімінің телефондары: (727) 394-46-23, 394-45-13, 87075840009 арқылы жазылуға болады.

 

«ӘБЕО ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС БАСШЫЛЫҒЫ

Roza Suleymenova      «ӘБЕО Орталығы» ЖШС-нің Бас директоры Роза Айтжановна Сүлейменова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының жетекші ғалымы және заманауи арнайы білім беру жүйесін ұйымдастырушысы, қазақ және орыс тілінде жарық көрген 200-ден астам ғылыми еңбектің авторы, 2002 жылы қабылданған «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету туралы» Заңның және арнайы білім беру саласындағы бір қатар нормативтік құжаттардың бастамашысы және авторы, «Специальное образование в Республике Казахстан» ғылыми-практикалық журналдың бас редакторы.
      Р. А.Сүлейменова арнайы білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстарының, 10-нан аса халықаралық жобалардың жетекшісі болды, осылардың нәтижесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға диагностикалық-консультациялық қызмет және ерте түзету педагогикалық көмегін көрсетудің моделдері, арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері құрылды.
     1969 жылы «Дефектология» мамандығы бойынша В.И. Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 1974 жылы аспирантураның күндізгі бөлімін аяқтады және Мәскеу қаласында КСРО педагогикалық ғылымдар Академиясы ҒЗИ-да кандидаттық диссертация қорғады.
     1977 жылы республикамыздағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында алғаш рет ашылған дефектология факультетін ұйымдастырды.
     1992 жылы даму бұзылыстары бар балалар мен жасөспірімдерге арналған әлеуметтік бейімдеу және кәсби-еңбекпен оңалтудың Республикалық ғылыми-практикалық орталығын (РҒПО ӘБЕО) ұйымдастырды, нәтижесінде 2004 жылы Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы (ТП ҰҒПО) деп өзгертіліп, арнайы білім берудің бірыңғай жүйесінің моделі құрылды. 1992-2007 жж. – Түзету педагогикасы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының (ТП ҰҒПО) директоры болды.
     Р.А. Сүлейменова – түзету педагогикасы мен жалпы педагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы, профессор.
     Р.А. Сүлейменова «Құрмет» орденiмен; «Білім беру үздігі», «Алтынсарин» медальдерімен; «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудағы сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен; «Ерен еңбегі үшін» үкіметтің награда-медалімен марапатталды.

Бас директордың бірінші орынбасары: Тоқтабаянова Анар Майдановна,
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Бас директордың оқу және әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары: Халыкова Баглан Сансызбаевна, педагогика ғылымдарының кандидаты.