• Басты бет
  • Есту аппараттарын таңдау және теңшеу (есту мүшесін протездеу)

Есту аппараттарын таңдау және теңшеу (есту мүшесін протездеу)

20250910 IMG 0106 25 01 2026       Есту аппаратын таңдау және бейімдеу үдерісі – бұл есту аппаратының моделін іріктеу және оны науқастың аудиограммасына сәйкес дәл баптау. Таңдау есту қабілетінің төмендеу дәрежесіне және аудиограмма конфигурациясына сай келетін, дыбыстың максималды шығу деңгейі мен күшейту сипаттамалары бар негізгі модельдерден басталады.
       Есту аппаратын қолдану есту қабілеті төмен және ауыр дәрежеде есту жоғалтқан адамдарға өмір сапасын жақсартуға, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау қабілетін сақтауға немесе дамытуға көмектеседі.
Есту аппаратын сатып алу – есту қызметін қалпына келтіру жолындағы алғашқы қадам ғана. Аппаратқа үйрену үшін белгілі бір уақыт қажет болуы мүмкін. Бұл кезеңде ең бастысы – шыдамдылық пен ынта.
Есту аппаратын тиімді қолданудың міндетті шарты – жеке құлақ жапсырмасын дайындау. Жеке құлақ жапсырмасы есту аппаратын құлақтың артына жақсы бекітуге, сондай-ақ күшейтілген дыбысты есту аппаратынан дабыл жарғағына сапалы жеткізуге қызмет етеді. Жеке құлақ жапсырмасы науқастың құлағының қалыптамасы (құймасы) бойынша дайындалады (Жеке құлақ жапсырмасын дайындау туралы толық ақпаратты «Жеке құлақ жапсырмасын дайындау» бөлімінен оқыңыз).

20250910 IMG 0036 25 01 2026Есту аппаратын таңдау және баптау науқаспен жұмыс істеудің кезең-кезеңмен жүргізілетін үдерісін қамтиды:

• Алғашқы қабылдау маман мен науқастың әңгімесінен басталады. Әңгімелесудің мақсаты – есту қабілетінің төмендеу тарихын, бұрын есту аппаратын қолдану тәжірибесінің бар-жоғын анықтау, сондай-ақ науқастың өмір салты туралы ақпарат алу (кәсіби қызметі, әдеттері, қызығушылықтары).
• Аудиограмма деректеріне (тональды және сөйлеу аудиограммасы) сүйене отырып, маман науқасқа осы есту жоғалуын өтей алатын бірнеше есту аппаратының моделін таңдауға ұсынады.
• Алдын ала баптаудан кейін науқас өзі үшін ең қолайлы нұсқаны келесі критерийлер бойынша таңдайды: сөйлеудің қаншалықты анық естілетіні, дыбыстың табиғилығы, өз дауысының бұрмаланбауы, сыртқы көрінісінің тартымдылығы (өлшемі) және, әрине, бағасы.
• Есту аппараты таңдалып, бапталғаннан кейін, слухопротезист-маман жеке құлақ жапсырмасын дайындауға жібереді.
• Одан кейін науқас маманға өз сезімдерін баяндайды (есту аппаратын таққанда өзін қалай сезінетіні, өз дауысын қалай еститіні, бөгде шудың бар-жоғы, сөйлеудің анықтығы және т.б.). Алғашқы баптау көбіне оңтайлы әрі соңғы нұсқа бола бермейді.
• Науқас есту аппаратын пайдалану ережелері, құлақ жапсырмасын күту тәртібі және есту аппаратына бейімделу сызбасы туралы толық ақпарат алады.
• Алғаш рет есту аппаратын қолданушылар үшін бейімдеу бағдарламасы қарастырылған, яғни есту аппаратына үйрену барысында дыбыс деңгейі біртіндеп арттырылады.

20250910 IMG 0027 25 01 2026       Естуді сапалы түзету үшін слухопротезист-маманмен бірнеше рет баптау сеанстары қажет. Кейінгі баптаулар қажеттілікке қарай жүргізіледі.

Слухопротезист-маман есту қабілетіңіздің ерекшеліктері мен жеке тілектеріңізге сәйкес есту аппаратын таңдауға көмектеседі.

Тел.: (727) 3944513, 3944623, +7 707 584 0009

 

Ересектер мен балалардың есту мүшелерін протездеудің  арасында  айырмашылықтардың бар екенін  есте ұстау керек!

- Балалардың есту мүшесін протездеу ерекшеліктері

- Балаларды есту аппараттарына бейімдеу бойынша ата-аналарға арналған ұсынымдар

- Есту аппаратын таңдау бойынша кеңестер

- Oticon есту аппараттары