Ата-аналардың баланы емдеуге қосқан үлесі және дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерін қалай болдырмауға болады?
Ата-аналар үшін келесі ережелерді сақтау маңызды:
- Емдеуші дәрігермен тығыз байланыста болу.
- Тағайындалған препаратты тұрақты қабылдау.
- Ұстама күнделігін міндетті түрде толық жүргізу.
- Дәрігерге бару жоспарын қатаң сақтау.
- Ұстамалардың дамуына ықпал ететін факторлардан аулақ болу (ұйқы және сергектік түзімі, алкоголь қабылдау).
Эпилепсияға қарсы препараттарды емдеуші дәрігердің келісімінсіз қабылдауды тоқтату көбінесе ұстамалармен жағдайдың нашарлауына, оның салдарынан қауіпті жағдайлардың туындауына әкеліп соқтырады.
Дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерін қалай болдырмауға болады:
- Емдеу басталғанға дейін толық клиникалық және зертханалық тексеруден өту.
- Емдеу аясында клиникалық және зертханалық параметрлерді бақылау.
- Эпилепсияға қарсы препараттың қандағы концентрациясын бақылау.
- Емдеуші дәрігермен тұрақты байланыста болу.
- Дәрігердің нұсқауларын қатаң сақтау
- Эпилепсия және еңбек ету.
- Дәрігерге бару жоспарын қатаң сақтау.