eyeslabkaz

Есту диагностикасы

Сурдолог – есту қабілетін тексеру
Құлақ – бұл екі функцияны орындайтын күрделі вестибулярлық-есту мүшесі: ол дыбыстық импульстарды қабылдайды және дененің кеңістіктегі орны мен тепе-теңдікті сақтау қабілетіне жауап береді. Есту қабілетінің төмендеуі, құлақтағы шу және бас айналуы адамның өмір сапасын нашарлатады. Балалардың есту қабілетінің бұзылуын дер кезінде анықтамау оның дамуының артта қалуына әкелуі мүмкін. Сурдологиялық бөлімнің міндеті есту мүшелерінің және тепе-теңдік ауруларын толық диагностикалау, сондай-ақ одан әрі оңалту болып табылады.
Күн сайын ӘБЕО орталығының сурдологиялық бөліміне ондаған науқас келеді. Мұнда есту қабілетін терең тексеру: заманауи әдістерді пайдалана отырып, есту қабілетінің бұзылыстарын, құлақтағы шуды, бас айналуды диагностикалау жүргізіледі. Тәжірибелі сурдолог дәрігер емдеуді (консервативті, хирургиялық, жасанды есту мүшесін орнату) тағайындайды және есту жағдайына динамикалық бақылау жүргізеді. Бөлім сурдологиялық қызметтердің толық спектрін ұсыну үшін қажетті заманауи жабдықтармен жабдықталған.

IMG 1534IMG 1561IMG 2262

IMG 2264IMG 2294IMG 2392

ӘБЕО орталығының сурдология мен есту мүшесін протездеу бөлімі Қазақстан Республикасында сурдологиялық көмек бойынша қызметтердің толық кешені ұсынылған жалғыз бөлім болып табылады.
Сурдолог дәрігердің кабинетінде көрсетілетін қызметтер:

- ЛОР мүшелерін тексеру, ауру тарихы бойынша ақпарат жинау, тексерудің қолда бар нәтижелері бойынша кеңес беру;
- Есту қабілетін объективті зерттеу (пайдаланылатын әдістер: бала туылған сәттен бастап ОАЭ мен ҚЛЕШП тіркеу әдістері арқылы аудиологиялық скрининг жүргізу; есту функциясының бұзылуын ҚЛЕШП, ASSR әдістерімен терең зерттеу, мультижиіліктік тимпанометрия, акустикалық рефлекс, есту түтігінің функциясын тестілеу, акустикалық рефлекстің ыдырауын тестілеу);
- Тональды шекті және шектен астам аудиометрия;
- Еркін дыбыс өрісіндегі аудиометрия;
- Ойын аудиометриясы;
- Сөйлеу тілдік аудиометрия;
- Жоғары жиілікті аудиометрия;
- Кохлеарлық имплантация, ортаңғы құлақ имплантациясы, сүйектік дыбыс өткізгіштік жүйелерінің аудио (сөйлеу тілдік) процессорларының бағдарламаларын теңшеу.

Сурдологиялық бөлімде пациенттерді кохлеарлық имплантация бойынша операцияға іріктеу кезінде қажетті есту қабілетін тексеру кешені ұсынылады. ӘБЕО орталығында арнайы (түзету) және жалпы білім беретін мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарында оқитын есту қабілетінің бұзылыстары бар балаларды тексеру жүргізіледі.
Сурдолог дәрігердің қабылдауына (727) 3944513, 3944623 телефондары бойынша жазылуға болады.