eyeslabkaz

 button goryachaya liniya me del

«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:   +7 727 3958511   info@satr.kz

MOTOmed loop оңалту механотерапиялық тренажеры (аяқ-қолдарға арналған)

Print
Base price
Description

MOTOmed loop биіктігінің бірегей реттелуімен ерекшеленеді, оның көмегі арқылы пайдаланушылар қосымша құралдарды пайдаланбастан-ақ аяқ пен қолдың орналасу күйінің биіктігін реттей алады. Аяқты жаттықтыру модулінен қолды жаттықтыру модуліне оңай және жылдам ауысу. Сонымен қатар, беті жұмсақ етіп дөңгелектелген, келесі буын МОТОмеды корпусына пайдаланылған материалдың керемет сапасы медициналық мекемелердегі жоғары гигиеналық талаптарға сай келеді.

Дизайн саласындағы жыл сайынғы Неміс Премиясының (German Design Awards 2019) қазылар алқасы MOTOmed loop тренажерын «Ерекше тағайындалым» деп атады.

Неврологиялық бұзылушылықтары бар, гемипарезі бар, қол-аяқтардың моторикасы шектеулі науқастарға арналған (бойы 140 см және одан биік болғанда).

Мүгедектер арбасында немесе орындықта отырып жаттығу жасау.

Бір рет түрту арқылы жаттығу режимін өзгерту

Аяқ жаттығуларынан қол жаттығуларына ыңғайлы ауысу: MOTOmed loop.la тренажерында қол жаттығуларынан аяқ жаттығуларына ауысу тікелей сенсорлық дисплейден басқарылады. MOTOmed loop.la басуға жауап танытып, жаттығу барысын автоматты түрде өзгертеді. Жаңа 7 дюймдік түрлі-түсті сенсорлық дисплейді пайдалану интуитивті түрде түсінікті және инновациялық түрдегі интеллектуалды мүмкіндіктерді ұсынады.

Негізгі функциялар (бағдарламалар):

Міну кезіндегі көмек

Рисунок1

 

• Міну кезіндегі көмек функциясы жаттығуды бастамас бұрын аяқты платформа- басқыштарға орналастыруға көмектеседі. Басқару панеліндегі арнайы батырманың көмегімен пайдаланушы платформа-басқыштарды қалаған күйіне біртіндеп жылжыта алады.

• Қозғалысты қорғау

Рисунок2

  • Бұлшықеттің құрысуы, спастика немесе қозғалыс блокадасы (Freezing) пайда болған кезде бұл функция басқыштардың қозғалысын тоқтатады. Бұл ретте бұлшықеттің негізгі кернеуі қалай өзгеретіндігі маңызды емес; бұл функцияның іске қосылу шегі әрдайым тұрақты болып қала бермейді, ол әрбір өзгеріске автоматты түрде бейімделеді және сол арқылы функция әрқашан қолайлы сезімталдықты сақтайды. Бұл функция барлық MOTOmed үлгілерінде сезімтал сенсорлар арқылы жүзеге асырылады.

• Спастиканы азайту бағдарламасы
Бұл функция қозғалысты қорғаумен тығыз өзара әрекеттестікте және табылған түйілулерді немесе құрысуларды әлсіретіп, жеңілдете алады. Мұндай функцияны әзірлеуге негіз болғаны келесі терапевтік принцип болып табылады: иілу спастикасы жазылу арқылы, жазылу спастикасы иілу арқылы жойылады. Спастиканы азайту бағдарламасындағы айналу бағытының автоматты түрде өзгертілуі қозғалысты қорғау функциясы таныған құрысуларды жеңілдете алады. Құрысу пайда болған кезде қозғалтқыш қайтымды-ілгерілемелі қозғалысты біртіндеп тоқтатады. Аяқ пен қолға түсірілген күш алынып тасталады да, аздаған үзілістен кейін айналу бағыты біртіндеп өзгереді. Бұл процесс құрысулар жойылғанға дейін қайталанады.
• Сервожаттығу / сервоайналу
Электрлік велосипедтегі мотор секілді МОТОmed-тегі сервожаттығулар (аяққа арналған) немесе сервоайналу (қолға арналған) функциясы белсенді қозғалысты орындау кезінде пайдаланушыны ұстап тұрады. Ол физикалық күш қоры аз болса да, белсенді режимде өз бетінше жаттығуға мүмкіндік береді. Қалдық бұлшықет күштері тез танылады және шамадан тыс шаршамастан-ақ сақталады.

Симметриялы жаттығу

Рисунок3
Симметриялы жаттығу функциясы әлдіқайда әлсіз жақтарын нығайту қажет болған жағдайда пайдалы. Функцияның бейнесі үлгісіне қарай өзгереді. MOTOmed viva2, MOTOmed gracile12 және MOTOmed letto2 үлгілерінде пайдаланушы 2 бағаннан тұратын диаграммадан жұмсалған күштің қандай бөлігін денесінің сол жағы, қандай бөлігін оң жағы шығарып жатқанын көреді. MOTOmed MUVI үлгісінде, сондай-ақ MOTOmed loop edition және MOTOmed layson edition үлгілерінде бұл функция анимирленген пішін түрінде бейнеленеді. Осындай графикалық түсініктің негізінде пайдаланушы өзінің «әлдеқайда әлсіз» жағын мақсатты түрде жаттықтыра алады. Сол арқылы симметриялы жаттығу сау аяқ-қолдың шамадан тыс жүктелуіне жол бермейді.

Жаттығу нәтижелерін бағалау

Рисунок4
MOTOmed-тің барлық үлгілері пайдаланушыға жаттығудың әртүрлі нәтижелерін хабарлап тұрады. Ұзақтық, қашықтық, симметрия, жұмсалған энергия, тонус, орташа және максималды белсенді қуат, сондай-ақ жаттығудың белсенді және белсенді емес бөлігінің арақатынасы секілді параметрлер экранда нақты уақыт режимінде немесе жалпы жаттығу бағасы түрінде бейнелене алады.

Жиынтығы
• Пластикалық жабыны бар қауіпсіз платформа-басқыштар, жабысқыш түймеліктердің көмегімен бекіту
• Пластикалық немесе жұмсақ жабыны бар тұтқалар
• Аяқтың немесе қолдың / дененің жоғарғы бөлігінің биіктігін (15 см диапазонда) қосымша құралдарсыз реттеу
• Аяққа арналған тренажердың басқыштары осінің биіктігі 30 см-ден 45 см-ге дейінгі диапазонда реттеледі.
• Қолға арналған тренажердың тұтқалары осінің биіктігі 90 см-ден 105 см-ге дейінгі диапазонда реттеледі.
• Көлбеу бұрышы реттелетін, жиналмалы түрлі-түсті сенсорлық дисплей (7")
• Берік металл құрылым, жоғары сапа мен тұрақтылық
• Басқыш радиусын екі сатылы реттеу (7 см немесе 12,5 см)
• Сапасы жоғары полимер материалдан (ДК / ABS) жасалған жабық корпус, оңай жуылып, зарарсыздандырылады
• Үлкен көлік дөңгелектерінің көмегімен оңай қозғалады (Ø 13 см)
• USB сериялық қосқыш
• Құрылғының тірек аяғының ені 38,5 см-ге дейін кішірейтілген
• Терапевтік және мотивациялық бағдарламалар
• Жаттықтыру бағдарламалары мен ойындары
• USB-жинақтағышынан слайдтарды көрсету (USB-жинақтағышы жиынтыққа кірмейді)
• Түсі: ақ / хром / қара

«MOTOmed» оңалту механотерапиялық тренажеры тіркелген және ҚР барлық аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат етілген.

• «Центр САТР» ЖШС «RECK-Technik GmbH&Co.KG» компаниясының (Германия) ресми өкілі болып табылады.

• Қазақстан Республикасына ресми түрде жеткізілетін барлық МОТОмед тренажерларының өзіндік бірегей сериялық нөмірі бар және зауыттық кепілдік міндеттемелері тек сол тренажерларға ғана қолданылады.

• «Центр САТР» ЖШС-не қоңырау шалып, Сіздің тренажерыңыздың сериялық нөмірін хабарлау арқылы оны Қазақстанға жеткізудің заңдылығын тексере аласыз.