«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 3958511 info@satr.kz
МОТОmed muvi оңалту механотерапиялық тренажеры (аяқ-қолдарды жаттықтыруға арналған)
Симультанды (бір мезгілде) қозғалыс механотерапиясы
Бір мезгілде қозғалу тұжырымдамасы - бұл MOTOmed-ті бірегей ететін инновациялық мүмкіндік. Алғаш рет аяқ пен қолды қатар жаттықтыруға болады.
Белсенді емес немесе белсенді режимдердегі жаттығулар, қозғалыс жылдамдығы және аяқ пен қолдың тежеу қарсылығы дененің жоғарғы және төменгі бөліктерін бір уақытта жаттықтыру кезінде бөлек-бөлек орнатыла алады. Бұл пайдаланушыға, мысалы, электрлі мотордың көмегімен аяқтарын белсенсіз айналдырып, бұл ретте қолдарымен басқышты белсенді түрде айналдыруға мүмкіндік береді. Көрсеткіштерге қарай дененің жоғарғы және төменгі бөліктерінің бір мезгілдегі қозғалысы терапевтік тиімділікті арттырып, терапевтік персоналға түсетін күшті азайта алады.
Жоғары сапалы MOTOmed viva медициналық өнімінің арқасында RECK Medizintechnik медициналық мекемелердің заманауи перспективалы инвестициялық тұжырымдамаларының ағымдағы талаптарына жауап қатады:
• қолданылатын материалдардың барлығын зарарсыздандыруға болады
• көлденеңінен реттеу, тігінен реттеу және радиалды реттеу құралдарсыз күйге келтіріле алады
• сақтандырғыш қапсырманың көмегімен жылдам, әріқауіпсіз бекітілетін әртүрлі тұтқаларды қосымша құралдарды пайдаланбай-ақ ауыстыруға болады
Түрлі-түсті сенсорлық экран (экран диагоналы 12,1 дюйм) соңғы бөлшегіне дейін медициналық мақсатта қолдануға арнап әзірленген:
• экранның шағылысуға қарсы жабыны
• көру бұрышының төмен тәуелділігі (жақсы оқылым)
• резистивті байланыс (жеңіл жанасу қажетсіз әрекетті тудырмайды)
• экран жабынын сүрту арқылы зарарсыздандыруға болады
• оңай оқылады: экрандағы бейнелер үлкен және айқын
• жанаспалы, сәл дөңес пернелер
Негізгі функциялар (бағдарламалар):
Міну кезіндегі көмек
Міну кезіндегі көмек функциясы жаттығуды бастамас бұрын аяқты платформа- басқыштарға орналастыруға көмектеседі. Басқару панеліндегі арнайы батырманың көмегімен пайдаланушы платформа-басқыштарды қалаған күйіне біртіндеп жылжыта алады.
• Қозғалысты қорғау
Бұлшықеттің құрысуы, спастика немесе қозғалыс блокадасы (Freezing) пайда болған кезде бұл функция басқыштардың қозғалысын тоқтатады. Бұл ретте бұлшықеттің негізгі кернеуі қалай өзгеретіндігі маңызды емес; бұл функцияның іске қосылу шегі әрдайым тұрақты болып қала бермейді, ол әрбір өзгеріске автоматты түрде бейімделеді және сол арқылы функция әрқашан қолайлы сезімталдықты сақтайды. Бұл функция барлық MOTOmed үлгілерінде сезімтал сенсорлар арқылы жүзеге асырылады.
• Сервожаттығу / сервоайналу
Электрлік велосипедтегі мотор секілді МОТОmed-тегі сервожаттығулар (аяққа арналған) немесе сервоайналу (қолға арналған) функциясы белсенді қозғалысты орындау кезінде пайдаланушыны ұстап тұрады. Ол физикалық күш қоры аз болса да, белсенді режимде өз бетінше жаттығуға мүмкіндік береді. Қалдық бұлшықет күштері тез танылады және шамадан тыс шаршамастан-ақ сақталады.
•Симметриялы жаттығу
Симметриялы жаттығу функциясы әлдіқайда әлсіз жақтарын нығайту қажет болған жағдайда пайдалы. Функцияның бейнесі үлгісіне қарай өзгереді. MOTOmed viva2, MOTOmed gracile12 және MOTOmed letto2 үлгілерінде пайдаланушы 2 бағаннан тұратын диаграммадан жұмсалған күштің қандай бөлігін денесінің сол жағы, қандай бөлігін оң жағы шығарып жатқанын көреді. MOTOmed MUVI үлгісінде, сондай-ақ MOTOmed loop edition және MOTOmed layson edition үлгілерінде бұл функция анимирленген пішін түрінде бейнеленеді. Осындай графикалық түсініктің негізінде пайдаланушы өзінің «әлдеқайда әлсіз» жағын мақсатты түрде жаттықтыра алады. Сол арқылы симметриялы жаттығу сау аяқ-қолдың шамадан тыс жүктелуіне жол бермейді.
•Жаттығу нәтижелерін бағалау
MOTOmed-тің барлық үлгілері пайдаланушыға жаттығудың әртүрлі нәтижелерін хабарлап тұрады. Ұзақтық, қашықтық, симметрия, жұмсалған энергия, тонус, орташа және максималды белсенді қуат, сондай-ақ жаттығудың белсенді және белсенді емес бөлігінің арақатынасы секілді параметрлер экранда нақты уақыт режимінде немесе жалпы жаттығу бағасы түрінде бейнелене алады.
Жиынтығы
• Аяқ пен қолға / дененің жоғарғы және төменгі бөліктеріне арналған модульдер бір уақытта немесе жеке-жеке айнала алады
• Түрлі-түсті / сенсорлық дисплей (12,1")
• Пластикалық жабыны бар қауіпсіз платформа-басқыштар, қолды / дененің жоғарғы бөлігін жаттықтыруға арналған тұтқа мен модуль
• Бұрылмалы, биіктігі мен қашықтығыжағынан реттелетін тұтқа, қолды/дененің жоғарғы бөлігін жаттықтыруға арналған модуль
• MOTOmed релаксация жетегі
• Басқыштардың айналу жиілігін 0-ден 60 айн/мин-ге дейін реттеу (белсенді емес режимде)
• Жаттығу ұзақтығын 0-ден 120 минутқа дейін реттеу
• Басқыштар айналымының біртіндеп басталуы және аяқталуы
• Басқыштарды айналдыру радиусын 2 сатылы реттеге болатын бұлғақтар (7 см немесе 12,5 см)
• Үлкен тасымалдау дөңгелектерінің болуы есебінен мобильділік (диаметрі 15,0 см)
• Шу шықпайтын, бірқалыпты және үйлесімді айналым
• Суырмалы тірек аяғы бар сапасы жоғары, тұрақты және төзімді толықтай металл құрылым
• Түсі: қара / ақ
«MOTOmed» оңалту механотерапиялық тренажеры тіркелген және ҚР барлық аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат етілген.
• «Центр САТР» ЖШС «RECK-Technik GmbH&Co.KG» компаниясының (Германия) ресми өкілі болып табылады.
• Қазақстан Республикасына ресми түрде жеткізілетін барлық МОТОмед тренажерларының өзіндік бірегей сериялық нөмірі бар және зауыттық кепілдік міндеттемелері тек сол тренажерларға ғана қолданылады.
• «Центр САТР» ЖШС-не қоңырау шалып, Сіздің тренажерыңыздың сериялық нөмірін хабарлау арқылы оны Қазақстанға жеткізудің заңдылығын тексере аласыз.