«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 3958511 info@satr.kz
Кереует алды, МОТОmed layson оңалту механотерапиялық тренажеры (аяқ-қолдарды жаттықтыруға арналған)
MOTOmed layson.la - бұл емделушілердің қол-аяқтарының белсенді емес және белсенді режимде жаттықтырылуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ қарқынды терапия және ерте оңалту бөлімшелерінде емделіп жатқан адамдардың электромоторын қолдауы бар әмбебап медициналық тренажер.
MOTOmed тренажорының биіктігін реттеу және интуитивті басқару мүмкіндігінің арқасында оны емделушінің жеке қажеттіліктеріне қарай оңай және қарапайым бейімдеуге болады. Еркін айналатын роликтері мен жылжымалы шассиінің есебінен MOTOmed аурухана төсегінің маңына оңай орнатылады және орынды үнемдей отырып орнығады. Бекітуге арналған орталық басқышпен еденге төрт нүктелі бекіту тұрақты тіректі қамтамасыз етеді. Аяқтарды жаттықтыру үшін аксессуар ретінде «TrainCare» құрылғысы жеткізіледі және ол емделушінің жіліншігіне жеке бейімделе алады. Пластикалық жабын аяқтың сенімді түрде бекітілуін қамтамасыз етеді және тізе буындарының шамадан тыс созылуын немесе жазылуын болдырмайды. Тізе буынының бұрышын реттеу құрылғысы тізе мен жамбас буындарының бүгілуі мен жазылуын дәл реттеуге мүмкіндік береді. Реттеу тіпті жаттығу кезінде де жасала алады.
Қызғылт-сары түсті басқару элементтері пайдаланушыларға қай жерде күйге келтіруге болатынын анық көрсетеді. Бұл дегеніміз бірнеше қозғалыспен MOTOmed layson.la тренажеры пайдаланушының жеке талаптарына сәйкес қауіпсіз және оңтайлы түрде күйге келтіріледі. Терапевтік режимдерді, сондай-ақ алдын ала орнатылған терапевтік бағдарламаларды таңдау мүмкіндігі «Қозғалысты қорғау» және «Спазм бақылау» функцияларының арқасында тиімді жаттығуларды қауіпсіз және тәуелсіз түрде жүргізуге мүмкіндік береді.
Үлкен түрлі-түсті сенсорлық дисплейдің көмегімен бағдарламаларды және жаттығу параметрлерін оңай күйге келтіруге болады. Жаттығу кезінде пайдаланушылар әртүрлі кері биологиялық байланыс көрсеткіштерінің көмегімен дисплейдегі ақпаратты көре алады, ал жаттығудың соңында нәтижелердің толық шолуы көрсетіледі. 7 дюймдік түрлі-түсті сенсорлық дисплеймен жұмыс интуитивті түрде түсінікті және қарапайым, сондықтан жаттығуды жылдам, әрі қиындықсыз бастауға болады.
Алынып-салынатын операциялық панельдің көмегімен пайдаланушылардың өзіндік жаттығу нәтижелерін бақылап отыруына және түзетулер енгізуіне болады.
Негізгі функциялар (бағдарламалар):
Міну кезіндегі көмек
• Міну кезіндегі көмек функциясы жаттығуды бастамас бұрын аяқты платформа- басқыштарға орналастыруға көмектеседі. Басқару панеліндегі арнайы батырманың көмегімен пайдаланушы платформа-басқыштарды қалаған күйіне біртіндеп жылжыта алады.
Қозғалысты қорғау
• Бұлшықеттің құрысуы, спастика немесе қозғалыс блокадасы (Freezing) пайда болған кезде бұл функция басқыштардың қозғалысын тоқтатады. Бұл ретте бұлшықеттің негізгі кернеуі қалай өзгеретіндігі маңызды емес; бұл функцияның іске қосылу шегі әрдайым тұрақты болып қала бермейді, ол әрбір өзгеріске автоматты түрде бейімделеді және сол арқылы функция әрқашан қолайлы сезімталдықты сақтайды. Бұл функция барлық MOTOmed үлгілерінде сезімтал сенсорлар арқылы жүзеге асырылады.
• Спастиканы азайту бағдарламасы
Бұл функция қозғалысты қорғаумен тығыз өзара әрекеттестікте және табылған түйілулерді немесе құрысуларды әлсіретіп, жеңілдете алады. Мұндай функцияны әзірлеуге негіз болғаны келесі терапевтік принцип болып табылады: иілу спастикасы жазылу арқылы, жазылу спастикасы иілу арқылы жойылады. Спастиканы азайту бағдарламасындағы айналу бағытының автоматты түрде өзгертілуі қозғалысты қорғау функциясы таныған құрысуларды жеңілдете алады. Құрысу пайда болған кезде қозғалтқыш қайтымды-ілгерілемелі қозғалысты біртіндеп тоқтатады. Аяқ пен қолға түсірілген күш алынып тасталады да, аздаған үзілістен кейін айналу бағыты біртіндеп өзгереді. Бұл процесс құрысулар жойылғанға дейін қайталанады.
• Сервожаттығу / сервоайналу
Электрлік велосипедтегі мотор секілді МОТОmed-тегі сервожаттығулар (аяққа арналған) немесе сервоайналу (қолға арналған) функциясы белсенді қозғалысты орындау кезінде пайдаланушыны ұстап тұрады. Ол физикалық күш қоры аз болса да, белсенді режимде өз бетінше жаттығуға мүмкіндік береді. Қалдық бұлшықет күштері тез танылады және шамадан тыс шаршамастан-ақ сақталады.
Симметриялы жаттығу
Симметриялы жаттығу функциясы әлдіқайда әлсіз жақтарын нығайту қажет болған жағдайда пайдалы. Функцияның бейнесі үлгісіне қарай өзгереді. MOTOmed viva2, MOTOmed gracile12 және MOTOmed letto2 үлгілерінде пайдаланушы 2 бағаннан тұратын диаграммадан жұмсалған күштің қандай бөлігін денесінің сол жағы, қандай бөлігін оң жағы шығарып жатқанын көреді. MOTOmed MUVI үлгісінде, сондай-ақ MOTOmed loop edition және MOTOmed layson edition үлгілерінде бұл функция анимирленген пішін түрінде бейнеленеді. Осындай графикалық түсініктің негізінде пайдаланушы өзінің «әлдеқайда әлсіз» жағын мақсатты түрде жаттықтыра алады. Сол арқылы симметриялы жаттығу сау аяқ-қолдың шамадан тыс жүктелуіне жол бермейді.
Жаттығу нәтижелерін бағалау
MOTOmed-тің барлық үлгілері пайдаланушыға жаттығудың әртүрлі нәтижелерін хабарлап тұрады. Ұзақтық, қашықтық, симметрия, жұмсалған энергия, тонус, орташа және максималды белсенді қуат, сондай-ақ жаттығудың белсенді және белсенді емес бөлігінің арақатынасы секілді параметрлер экранда нақты уақыт режимінде немесе жалпы жаттығу бағасы түрінде бейнелене алады.
Жиынтығы:
Пластикалық жабыны, бекіткіш белдіктері мен жылдам ажырату жүйесі бар (жұп, басқыштың қосиіндерін қоса алғанда), аяққа арналған платформа-басқыштар
Пластикалылық жабыны және жылдам шешу жүйесі бар тұтқалар (жұп)
Биіктікті реттеуге арналған газ серіппесі
Таңдауға болатын параллель шасси немесе жерге бекітуге болатын кеңейтілетін шасси
Тізенің бүгілуін реттеу реттегіш дөңгелекті қамтиды
Айналмалы, еңкейме*² түрлі-түсті сенсорлық дисплей (7")
Платформа-басқыштар мен тұтқаларға*¹ арналған жылдам алынатын жүйе
Басқыштың радиусы: 7 см
Берік металл құрылым, жоғары сапа мен тұрақтылық
Пластиктен жасалған жабық корпус, оңай жуылып, зарарсыздандырылады
Үлкен роликтердің көмегімен оңай қозғалады (Ø 7,5 см)
Жерге орталықтандырылған 4 нүктелі бекіту
(Жүйелі интерфейс), USB-интерфейс
Пластикалылық жабыны бар, тасымалдауға арналған тұтқа
Емделушіге арналған қашықтан басқару пульті
Түсі: ақ / хром / қара / қызғылт-сары
«MOTOmed» оңалту механотерапиялық тренажеры тіркелген және ҚР барлық аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат етілген.
• «Центр САТР» ЖШС «RECK-Technik GmbH&Co.KG» компаниясының (Германия) ресми өкілі болып табылады.
• Қазақстан Республикасына ресми түрде жеткізілетін барлық МОТОмед тренажерларының өзіндік бірегей сериялық нөмірі бар және зауыттық кепілдік міндеттемелері тек сол тренажерларға ғана қолданылады.
• «Центр САТР» ЖШС-не қоңырау шалып, Сіздің тренажерыңыздың сериялық нөмірін хабарлау арқылы оны Қазақстанға жеткізудің заңдылығын тексере аласыз.