eyeslabkaz

Егер эпилептикалық ұстамасы бар адамның жанында болсаңыз, өзіңізді қалай ұстауыңыз керек?

- Егер ұстамадан бұрын адамда қандай да бір ерекше сезінім ("аура") пайда болса, онда оны төсекке немесе еденге жатқызу керек, киімнің түймесін ағытып, мойынын ашыңыз.
- Ұстамасы бар адамды қауіпсіз жерге апару керек (мысалы, көше қозғалысынан, судан, өткір заттардан немесе бұрыштардан алыс жерге).
- Ұстама біткенше күту керек, бірақ науқас адамның жағдайын мұқият бақылау керек.
- Адамның сілекейі көп шығып жатса, онда оны тұншығып қалмау үшін қырынан жатқызу керек. Кейде ұстама кезінде немесе одан кейін бірден құсу пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақырындап тек басын ғана емес, сонымен қатар денесін де бір жағына қаратып жатқызу керек.
- Ұстамадан кейін, әдетте, әлсіздік пайда болады, ештеңеге реакциясы болмайды немесе пациент сұрақтарға әрең жауап береді немесе қатты ұйықтап кетеді. Бұл жағдайда ұстама нәтижесінде мидың қажыған жүйке жасушаларын қалпына келтіруге мүмкіндік беру үшін науқасты мазаламау керек.
- Кейде ұстамадан кейін мазасыздануы мүмкін. Бұл жағдайды сабырлықпен өткізуге тырысыңыз. Мұндай жағдайларда оны күшпен ұстамай, оны тыныштандыруға тырысу керек.

choices epilepsy