eyeslabkaz

Эпилепсия

- 24 сағаттан астам уақыт аралығында қандай да бір қоздырғыш факторлар әсер етпей екі рет (немесе рефлекторлық) қайталанатын тырыспа ұстамасы.

- Қандай да бір қоздырғыш факторлар әсер етпейтін (немесе рефлекторлық) бір ұстама, ал ұстаманың қайталану ықтималдығы келесі 10 жыл ішінде қандай да бір қоздырғыш факторлар әсер етпейтін екі ұстаманың (кем дегенде 60% және одан жоғары) қайталануының жалпы қаупіне сәйкес келеді.

- Эпилепсиялық синдромның нақтыланған диагнозы (эпилепсияның түрі қолда бар критерийлер бойынша анықталған кезде).

Эпилептикалық энцефалопатиялар ұстамалардың жиі қайталануы, эпилепсияға қарсы препараттармен емдеуге тұрақтылық және писихомоторлық дамудың айтарлықтай тежелуі тән аурулардың гетерогендік тобын құрайды. Бұндай патология әртүрлі жастағы балаларда, сондай-ақ жаңа туған сәбилерде жиі анықталады.

Ми аурулары науқастың және оның жақындарының өмірін түбегейлі өзгерте алады. Біздің толыққанды өмір сүруіміз үшін қажеттінің барлығы – қуаныш, қозғалыс және күйзеліс, адамның өмір бойы өзіне ілесетін естеліктері – мұның бәрі өзгеруі мүмкін, тіпті аурудың салдарының әсерінен толығымен бұзылуы да мүмкін.

Эпилепсия туындауына қандай да қоздырғыш факторлар әсер етпейтін, тырыспа ұстамалары қайталанатын созылмалы аурулар тобын білдіреді.

Тырыспа ұстамалары қандай да бір фактоларлардың әсерінен қысқа уақыт ішінде көптеген импульстарды шығару қасиеттеріне ие болған, мидың жүйке жасушалар желісінің артық электрлік белсенділігінің нәтижесі болып табылады.

Ұстамалар әртүрлі өтуі мүмкін, сондықтан оларды "үлкен" және "кіші" деп бөлуге болады

- Үлкен ұстамалар кенеттен басталады, ол бүкіл дене мен аяқ-қол бұлшықеттерінің ширығуымен және ырғақты жиырылуымен сипатталады, сонымен қатар адам ол кезде есін білмейді, тепе-теңдігін және өз әрекеттерін бақылауды жоғалтады. Мұндай ұстамалардың ұзақтығы көбінесе 5 минуттан аспайды.

- Кіші ұстамалар минималды сыртқы көріністермен өтуі мүмкін, мысалы, айтқан сөзге қысқа мерзімде реакцияның болмауы, ұстаманың алдында болып жатқан әрекетті тоқтату. Сонымен қатар, адамның санасы жартылай немесе толығымен болмайды, адам уақытша есінен танады. Адамның осы сипатталған күйіне жиі жағдайда қолдың, саусақтардың, тілдің, еріннің орынсыз қимылдары және т. б. ілесуі мүмкін. Кіші ұстамалар кезінде адам санасын жоғалтпай, оларды толық немесе жартылай сезінеді, тіпті олардың сипаттамасын да бере алады. Мұндай ұстамалар әртүрлі өтеді, мысалы, аяқ-қолдың немесе бетінің бір жағында ерекше сезінулер (тітіркену, ұйып қалу) немесе дененің сол бөлігінің бұлшықеттерінің жиырылуы немесе іштің жоғары бөлігінен кенеттен «толқын» түріндегі қоқыныш сезімінің туындауы түрінде болады.

Аурудың дамуына әкелетін себептердің қатарына мидың тырысуға дайындығының жоғарылауына генетикалық тұрғыдан бейімділігін ескеруге болады, ол сыртқы факторлардың (ұйқының қанбауы, алкогольді асыра пайдалану, күйзеліс, ми тінінің зақымдалуына әкеліп соқтыратын аурулар саларынан: ұзақ уақыт оттегінің жетіспеуі, ми жарақаттары, мидың қабыну аурулары, миға қан кету және т. б.) әсерінен жүзеге асады.

Эпилепсия тұқым қуалайтын ауру емес. Көп адамдардан байқауға болатын, бірақ қандай да бір клиникалық байқалымдарсыз, яғни тырысу болмайтын жоғары құрысуға дайындық тұқым қуалайды. Ауру әкесі немесе анасы эпилепсиямен ауыратын балалардың 2-8%-ында туындауы мүмкін. Егер ата-анасының екеуі де эпилепсиямен ауыратын болса, олардың балаларының да эпилепсиямен ауыру қаупі жоғары болады.

Эпилепсияны себеп факторлары бойынша 3 топқа бөлуге болады:

- Бірінші топтағы эпилепсияның негізіне генетикалық бейімділік жатады. Әдетте, эпилепсиямен ауыратын науқастардың отбасылық шежіресінде балалық шақта немесе жасөспірімде басталған тырысу ұстамалары немесе эпилепсиясы бар туыстары болады. Пациенттердің өзінде неврологиялық жетіспеушілік жоқ, даму жасына сәйкес келеді, ал томография мидың құрылымдық өзгерістерін анықтамайды. Емдеу аясында ұстамаларды бақылауға тез қол жеткізіледі. Көбінесе, препаратты бірнеше жыл бойы үнемі қабылдағаннан кейін, препараттан біртіндеп салдарсыз бас тартуға болады. Балалық шақтағы эпилепсияның жағымды болжамды түрлері бар, бұл жағдайда баланы эпилепсияға қарсы препаратпен емдеудің тиімділігі туралы мәселе дәрігермен талқыланады.

- Эпилепсияның екінші тобы мидың бастапқы ауруы аясында жиі қалыптасады. Энцефалит, ми жарақаты, қан кету, күрделі жүктілік немесе босану кезінде бала миының әртүрлі бөліктерінде тыртық қалдыратын оттегінің жетіспеу салдарынан бірнеше ай немесе жылдар өткен соң құрысудың алғашқы ұстамалары пайда болады. Отбасы тарихы көбінесе туыстар арасында тырысу ұстамаларын анықтамайды, бірақ жиі жағдайда дамудың тежелуі немесе регрессиясы және неврологиялық жетіспеушіліктің бар екені анықталады, томография мидағы тыртықтық өзгерістерін көрсетеді, ал зертханалық көрсеткіштер зат алмасуының бұзылыстарын көрсетуі мүмкін.

- Эпилепсияның үшінші тобы жоғарыда айтылғандардан бір жағынан отбасылық айқын ауыртпалықтың болмауымен және екінші жағынан ұстамасы басталғанға дейін ми ауруының болғаны туралы әңгімемен ерекшеленеді. Томографиялық зерттеу кезінде мидағы өзгерістер анықталмайды. Эпилепсияның бұл түрлері себептері белгісіз топқа жатады.