Эпилепсия және әуе көлігімен саяхаттау
Эпилепсиясы бар пациенттерде ұшу кезінде ұстаманың даму қаупі жоғарыламайды. Ұшу кезінде туындаған барлық медициналық проблемалардың тек 4%-ы ғана эпилепсиялық ұстаманың салдарынан туындайды. Ұстамалар тек жолаушылардың ғана емес, сонымен қатар ұшу құрамының қызметкерлерінің де ұшу тыныштығын бұзатындықтан, ұшу кезінде ұстаманың пайда болу қаупін барынша азайту үшін кейбір шаралар қабылдау қажет.
Сапар алдында және ұзақ ұшу кезінде ұйқының тұрақты болмауына байланысты ұстама жиілігі артуы мүмкін. Ұшу алдында кейбір препараттарды қолдану қажеттілігін дәрігермен талқылау ұсынылады.
Аймақ ішінде ұшу кезінде ұшу уақытының аз болуына байланысты препараттарды қабылдауға байланысты қиындықтар туындамайды. Мазасыздық деңгейі жоғары пациенттерге дәрі қабылдау тактикасын дәрігермен талқылау ұсынылады.
Халықаралық рейстерде дәрі-дәрмектерді қабылдау уақытының айырмашылығына бейімделуі керек. Мұны қосымша дозаны қабылдау немесе қалған дозаны азайту көмегімен істеуге болады.
Алыс қашықтықтағы батыс елдеріне, мұхиттың арғы жағына сапар шегу кезінде:
- күннің ұзақтығы 3-6 сағатқа ұлғайған кезде келгеннен кейін препараттың(-тардың) тәуліктік мөлшеріне қосымша тағы да 1/4 бөлігін қабылдаңыз);
- күннің ұзақтығы 6 сағаттан артық ұлғайған кезде препараттың(-тардың) қосымша тәуліктік мөлшеріне қосымша тағы да ½ бөлігін қабылдаңыз).
Алыс қашықтықтағы қиыр шығыс елдеріне, мұхиттың арғы жағына сапар шегу кезінде:
- күннің ұзақтығы 3-6 сағатқа кеміген кезде препараттың(-тардың) тәуліктік мөлшерінің жартысын азайту керек;
- күннің ұзақтығы 6 сағаттан астам уақытқа кеміген кезде препараттың(-тардың) тәуліктік мөлшерінің 1/4 бөлігін ғана қабылдаған жөн).