eyeslabkaz

 button goryachaya liniya me del

«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:   +7 727 3958511   info@satr.kz

Мүгедек балалардың жаттығуына арналған құрылғы СН-37, Ортопедтік орындық СН 37.01.03

Print
Base price
Description

(отыруға арналған тірек, 115-160 см болатын бойға арналған), өндірушісі «КОНМЕТ ХОЛДИНГ» АҚ, Ресей Федерациясы
әртүрлі формалардағы балалар церебральды сал ауруы бар жасөспірімдерге, әсіресе гиперкинездер болған, сондай-ақ қимыл мен психо-сөйлеу жағынан дамуында артта қалу, омыртқаның айқын патологиясы (сколиоз, кифоз және т. б.) болған жағдайға арналған.
Орындықта мыналар қарастырылған:
• баланың омыртқасын жеңілдетуге газды серіппенің көмегі арқылы орындықтың көлбеулігін реттеу;
• санитарлық өңдеуге мүмкіндік беретін және тозуға төзімді жасанды былғарымен қапталған жұмсақ арқалық пен орындық.
• арқалығын ұзарту арқылы отыру тереңдігін арттыру мүмкіндігі; · арқалықтың жылжытылуы бекіткіштермен шектеледі, бұл арқалықтың соңғы күйінде құлап кетуіне жол бермейді және пайдаланушының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
• бас тірегіші мен абдукторларды орнатуға арналған ойықтары бар арнайы пішіндегі арқалық пен орындық;
• оны дұрыс қалыпта отыруға мәжбүрлеместен, баланы отырған күйде мықтап бекітетін бас тірегіш, абдуктор және көкірекше;
• диаметрі 50 мм болатын 4 дөңгелек, артқы екі дөңгелекте - жеке тежегіштер;
• орындықты еден бетімен оңай қозғалту;
• қосымша жайлылық бере отырып, орындықты бойы мен көлемі әртүрлі балалар үшін пайдалануға мүмкіндік беретін, бас сүйегіштер мен шынтақ таяныштарыды және басқышты реттеу мүмкіндігі.
• жаттығуға және тамақ ішуге арналған, тереңдігі жағынан реттелетін алынып-салынатын кішкентай үстел;
• арқалығын ұзарту арқылы отыру тереңдігін арттыру мүмкіндігі.
Жиынтықтауы:
• Орындық – 1 дана.
• Бас тірегіштер – 2 дана.
• Абдуктор – 1 дана.
• Көкірекше – 1 дана.
• Алынып-салынатын кішкентай үстел – 1 дана.
• Аяқтарды басқышқа бекітуге арналған белдіктер – 2 дана.
• Пайдалану жөніндегі нұсқаулық – 1 дана.
Бұйым тіркелген және ҚР бүкіл аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат берілген.