«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 3958511 info@satr.kz
ЕДШ-да шұғылдануға арналған оңалту құрылғыларының жиынтығы СН-70.10 Тербелмелі платформа, өндірушісі «КОНМЕТ ХОЛДИНГ» АҚ, Ресей Ф
Тербелмелі платформа емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған және балалар церебральды сал ауруын кешенді функционалдық емдеу мен тірек-қимыл аппараты аурулары бар науқастарды оңалтуда қажетті құрал болып табылады. Платформа қозғалыстар үйлесімділігін және тепе-теңдікті ұстап тұра білу қабілетін жаттықтыру үшін пайдаланылады.
Ол платформадан және оған екі жағынан бекітілген, тербелу бұрышын шектейтін тіректері бар жартылай дөңгелек доғалардан тұратын құрылғы.
Емделушінің дайын болуы дәрежесіне қарай платформада жатуға, отыруға немесе тұрып тұруға болады.
Платформаның металл қаңқасы платформаның аударылып кетуіне жол бермейтін тіректермен жабдықталған.
Платформа сырғанауға қарсы жабынмен жабдықталған.
Қаңқа металдың тот басудан ұзақ уақыт қорғалуын қамтамасыз ететін полимерлі ұнтақ бояумен қапталған.
Бұйым тіркелген және ҚР бүкіл аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат берілген.