«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 3958511 info@satr.kz
ClearReader+
«ClearReader+» оқитын машинасы - көру қабілеті нашар және зағип пайдаланушыларға арналған дербес сканерлейтін құрылғы болып табылатын, ішкі жады көлемі (1 Тб) және Брайль дисплейі мен мониторға қосылу мүмкіндігі бар қондырылған камерамен және құрылғыны тасымалдауға арналған тұтқамен жабдықталған тифлотехникалық құрал. «ClearReader+» оқитын машинасы қазақ (мемлекеттік) және орыс, сондай-ақ ағылшын және басқа да шет тілдеріндегі баспа материалдарын әр тілде кемінде екі дауыспен (ер және әйел) сөйлеу синтезінің көмегімен диктордың анық және айқын дауысымен сканерлейді және жаңғыртады. Оқитын машинаны пайдалану оңай, ерекше техникалық дағдылар мен тәжірибені талап етпейді және зағип және нашар көретін пайдаланушылардың кітаптарды, хаттарды, газеттерді, журналдарды және басқа да тегіс баспа басылымдарын немесе құжаттарды қоса алғанда, кез-келген баспа материалдарын тыңдауға және оқуға арналған. Оқитын машинаның дауыстық мәзірі (интерфейсі) пайдаланушының таңдауы бойынша қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оқитын машина құрылғының жоғары кернеулі желіге қосылмай жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін аккумуляторлық батареямен жабдықталған.
Параметрлері: - камераның орналасу биіктігі: 23,5 см; - 5 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігі бар кіріктірілген литий-ионды аккумулятор; - қуаттау: 100 - 240 вольт; - өлщемдері: 23 х 24 х 10 см; - құрылғының салмағы: 2,46 кг.
Ескертпелер
«ClearReader+» оқитын машинасы Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-1 «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарына және (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1045 қаулысымен бекітілген) Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына, КО ТР 004/2011, КО ТР 020/2011 Кеден одағының техникалық регламенттеріне талаптарына сәйкес келеді
Ресурстар