eyeslabkaz

 button goryachaya liniya me del

«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:   +7 727 3958511   info@satr.kz

Гоу ток 9+

Print
Base price
Description

Гоу ток 9+
Құрылғы мұғалімнің көмегімен және өз бетінше сөйлеу дағдыларын меңгеруге, дамытуға немесе қалпына келтіруге арналған. Ол сөйлеу тренажерінің және қарапайым сөйлеу коммуникациясына арналған толықтырылатын нұсқағыштың функциясын орындайды
GoTalk 9+ (ГоуТок 9+) сипаттамасы - 45 хабарлама, сондай-ақ бес «негізгі» хабарлама сияды, олар әрбір деңгейде өзгеріссіз қалады. Тамаша дыбыс, хабарламаны оңай жазу, хабарламаны жоюдың жылдам қызметі, ішпектерді сақтауға арналған кіріктірілген бөлік, жазбаны бұғаттау, деңгейдің ауысуын бұғаттау. Байланыс, жеке хабарламаларды жеткізу, сөйлеу практикасы мен артикуляция, нұсқау беру, топта жұмыс істеу үшін пайдаланылады. Батареялар, пайдаланушы нұсқаулығы қоса беріледі. Құрылғы мұғалімнің көмегімен және өз бетінше сөйлеу дағдыларын меңгеруге, дамытуға немесе қалпына келтіруге арналған. Ол сөйлеу тренажерінің және қарапайым сөйлеу коммуникациясына арналған құралдың функциясын орындайды. Құрылғының негізгі функциялары - диктофонның болуы, оның көмегімен диктофонға жазып алуға немесе алдын ала жазылған дыбыстарды, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді ойнатуға болады. Меңгеріліп қойған дүниелерді жоюға немесе жаңа дыбыстармен, сөздермен толықтыруға болады. Құрылғы қалыпты дамып келе жатқан балаларды болсын, интеллекті мен сөйлеу қабілеті бұзылған (афазия, алалия, дислалия, дизартрия) балаларды болсын оқыту үшін, басынан өткерген аурудан (бас сүйек-ми жарақаты, инсульт) кейін ересек адамдардың коммуникациясы мен қарым-қатынасын оңалту және жеңілдету үшін, сондай-ақ сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарға арналған қарапайым коммуникативті құрылғы ретінде пайдалануға болады.