eyeslabkaz

 button goryachaya liniya me del

«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:   +7 727 3958511   info@satr.kz

Дербес компьютері бар EduQuest (өндірушісі Еdu-Consulting International Limited, Израиль) мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламалық-әдістемелік кешені

Print
Base price
Description

Дербес компьютері бар EduQuest (өндірушісі Еdu-Consulting International Limited, Израиль) мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламалық-әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі жастағы және бастауыш мектеп жасындағы балалардың аналитикалық, логикалық және шығармашылық дағдыларын дамытуға арналған мультимедиялық интерактивті бағдарламалық-әдістемелік кешен (Израиль).
EduQuest интерактивті бағдарламалық жасақтамасы негізгі он тақырыптық модульден тұрады, олар негізгі когнитивті және коммуникативті құзыреттіліктерді дамытуға, баланың нақты дүниеден абстрактіліге табиғи түрде өтуін қамтамасыз ететін интеллектуалды аясын кезең-кезеңімен дамытуға бағытталған тапсырмаларды қамтиды. Балаларға абстрактілі және нақты түсініктер мен оқиғалар арасындағы біржақтылы сәйкестікті табуға көмектеседі, оқып жатқан пәндермен байланысты жаңа ұғымдарды меңгеруге септігін тигізеді, сөйлеуі мен моторикасын (жалпы және майда) дамытады.
Оңай пайдалануға болатын EduQuest оқытуды басқару жүйесі (LMS) жүйеде баланың жасына, қабілетіне қарай жаңа интерактивті тапсырмаларды, тапсырмалар курстарын жасауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар күрделілігінің әртүрлі деңгейде болуы оқытушыға оларды балалар тобының немесе дара баланың жеке оқу мақсаттарына қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.
Мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламалық-аппараттық кешені қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі мультимедиялық оқыту бағдарламалық жасақтамадан, бағдарламалық жасақтаманың тапсырмаларын орындауға арналған интерактивті жұмыс үстелінен, дидактикалық материалдардан тұрады.

Арнайы интерактивті жұмыс үстелі топтық жұмысқа арналған, алты түймелі екі басқару пультімен, сондай-ақ пластикалық жұмыс төсеніштерімен жабдықталған.
Түрлі-түсті пластикалық жұмыс төсеніштері бағдарламалық жасақтамада ұсынылған көптеген тапсырмаларды орындау барысында пайдаланылады.

Дидактикалық материалдар мен аксессуарлар:
- ағаштан жасалған текшелер, геометриялық фигуралар, тігінен жасалған блоктар балаларға тапсырмаларды шынайы физикалық нысандармен орындауға мүмкіндік береді, олармен бағдарламалық жасақтамамен жұмысқа өтер алдындағы жұмыс барысында танысады;
- он тесігі мен санау материалы бар ағаштан жасалған санақ жақтаулары қарапайым математикалық түсініктерді дамыту үшін қолданылады;
- пазлдар: пазлдармен жасалатын қызықты тапсырмаларды еденде де, жүйеде де орындауға болады.
- әртүрлі тақырыптар мен тапсырмаларға арнап жасалған дидактикалық карточкалар есте сақтау қабілетінің, логикалық ойлаудың және заттарды жіктеп, сұрыптау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Карточкалар талқылау, ойнау, сондай-ақ баланың сөйлеуі мен сөздік қорын дамыту үшін жеке-жеке пайдаланыла алады.

Аталмыш жүйені балаларға қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерін үйрету мақсатында сәтті қолдануға болады.

Eduquest мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламалық-әдістемелік кешеніне арналған дербес компьютерге қойылатын барынша аз талаптар:
• кем дегенде Intel 2,6 ГГц екі ядролы процессоры;
• кемінде 4 Гб болатын жедел жады;
• қатты дискідегі кем дегенде 10 Гб болатын бос орын;
• кемінде 120 Гб болатын SSD қатты жинақтағышы;
• Тінтуір + пернетақта + колонкалар + желілік сүзгі + кемінде 20 дюйм болатын монитор;
• Операциялық жүйе «Windows 10» - ден төмен емес;
• Дыбыстық карта

Жеткізу жиынтығы:
1. Интерактивті жұмыс үстелі - 1 дана.
2. EduQuest интерактивті бағдарламалық жасақтамасы.
3. Ағаштан жасалған текшелер – 18 дана,
4. Геометриялық фигуралар – 48 дана,
5. Блоктар - 27 дана,
6. Пластикалық жұмыс төсеніштері - 10 дана,
7. Санақ жақтаулары - 1 дана және 30 фишка,
8. Дидактикалық карточкалар - 636 дана,
9. Картоннан жасалған пазлдар - 6 дана
10. Тарихтар кітабы - 1 дана
11. Жазуға арналған, ақ картоннан жасалған тақталар - 4 дана
12. Сызғыштар – жұмыс төсеніштеріне арналған төсемдер -7 дана
13. Пайдаланушы нұсқаулығы - қазақ және орыс тілдерінде.