«ӘБЕО орталығы» ЖШС RECK-Technik GmbH&Co.KG (Германия), Rehab and Medical Ltd (Великобритания), «Конмет Холдинг» (Россия), Attainment Company (США), Edu-consulting International Ltd (Израиль), PATH MEDICAL GmbH (Германия), MED-EL (Австрия), Oticon (Дания), Chinesport S.p.A. (Италия), Entertainment Robotics (Дания), Freedom Scientific (США), Optelec (Нидерланды), Index Braille (Швеция), ООО "Элита Групп" (РФ, г.Москва), ООО Лаборатория Электроники "ЭлекЖест" (РФ, г.Москва), HumanWare Group (Канада). Қазақстан Республикасындағы дилер болып табылады.
Тауарлар каталогына қатысты барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 727 3958511 info@satr.kz
Бағдарламалық жасақтамасы бар Index Everest D V5 Брайль принтері
Әмбебап принтер А3, А4, Letter және 11x17 дюйм форматтағы стандартты Брайль қағазында Брайльдің бедерлі-нүктелі қаріпімен бір және екі жақты басып шығаруды (өрнектеуді) жүзеге асырады; басып шығару жылдамдығы: секундына 140 таңба. Жергілікті желідегі IP мекенжайы бойынша қол жеткізу; Wi-Fi, Bluetooth, мобильді құрылғыларды қолдау. Қарапайым тегіс баспа қаріпті Брайль қарпіне және керісінше екі бағытты аударуды қамтамасыз етеді; Брайль бойынша қазақ, орыс және басқа да тілдерде әр түрлі кодталған кез-келген құжатты баспаға дайындау; орыс, ағылшын және басқа да шет тілдерін, сондай-ақ оңнан солға жазылған тілдерді қоса алғанда, көп тілді интерфейсті қолдау. Интерфейстер: пайдаланушы интерфейсі, сөйлеу кері байланысы; Қазақ тілінде жергіліктендірілген веб-интерфейс. Принтердің өлшемдері: қаптамасыз (ЕхБхТ) - 45х56х18см; Салмағы: қаптамасыз - 12,0 кг; шу деңгейі: 80 дБ (А) аспайды.
Жеткізу жиынтығы: өрнек салғыш, қуат кабелі, USB кабелі, драйверлері бар флеш-карта, пайдаланушы нұсқаулығы, тегіс баспа және Брайль қарпіндегі қысқаша нұсқаулықтары.
Атқарымдық мүмкіндіктері:
Қазақ тіліндегі жергіліктендірілген интерфейс; құжатты Брайль бойынша қазақ, орыс және басқа тілдерде, әртүрлі кодтауларда баспаға дайындау; .rtf, .doc, .docx, .txt .brf, .brl, .odt. пішімдеріндегі файлдарды импорттау, сондай-ақ мәтінді жасау - оны әдеттегі әдіспен де, Брайль әліпбиімен де енгізу; мәтінді пішімдеуді жүзеге асыру: қаріптің өлшемі мен мәнерін өзгерту, Брайль бойынша құжаттардағы еже шегінісін баптау; көп парақты құжаттарды жасау; құжаттардағы мәтінді іздеуді және ауыстыруды жүзеге асыру, сондай-ақ орфографиялық қателерді табу және оларды жою үшін емлені тексеру атқарымы.
Графикалық редактордың көмегімен векторлық және растрлық графиканы өңдеуге арналған қосымша бағдарламалық жасақтаманы пайдаланбай жанасулық бейнелерді жасау, өндеу және басып шығару, әртүрлі контурлар мен пішіндерді салу және өндеу, объектілермен жұмыс істеу: масштабтау, бұру, көрсету (тігінен және көлденеңінен), тегістеу, топтау және топтамадан шығару мүмкіндігі, қосу, алу немесе қиылысу жолымен күрделі пішіндерді жасау, түсті нысандарды нүктелермен автоматты түрде толтыру, контур қасиеттерін өзгерту, нысандарды бір-біріне салу және салу тәртібін өзгерту, суреттің өзінен Брайль мәтіндерін бөлу мақсатында Брайль қолтаңбаларын тану