Back to: Оңалтатын құрал-жабдық және ЕДШ

«Айболит» ходуногы, өндірушісі «КОНМЕТ ХОЛДИНГ» АҚ, Ресей Федерациясы

Print
Base price
Description

- КОНМЕТ ХОЛДИНГ өндірген «Айболит» ходуногы балалар церебральды сал ауруының әртүрлі клиникалық түрлерімен, енжар және спастикалық парездермен және тірек-қимыл аппаратының патологиясымен, жүрістің бұзылуымен ұштасатын әртүрлі этиологиядағы сал ауруларымен ауыратын науқастарға ұсынылады.
- Ходуноктар оңалтудың кезеңділігін қамтамасыз ететін құрылғылар кешені болып табылады. Патологиялық постуральды белсенділікті басуға ықпал етеді, қалыпты постуральды реакциялардың дамуына жағдай жасайды, контрактуралардың дамуы мен ірі буындар деформациясының алдын алады, мүсіннің бұзылуы мен аяқтың патологиялық орналастырылуын жоюға көмектеседі.
- Дұрыс жүруді үйретіп, дамытуға және емделушіні толық немесе ішінара бекітуге арналған. Тұрған немесе жүрген кездегі тепе-теңдікті жаттықтыруға арнап жасалған. Ұсынылған ходуноктардың маңызды ерекшелігі - оларды ауруханаларда, оңалту орталықтарында, клиникаларда да, үй жағдайында да емдік медициналық мақсаттарда пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
- Өлшемдері баланың бойына қарай таңдап алынады 70-90см (СН 36.12.01.), 90-115см (СН 36.12.02), 115-150см (СН 36.12.03)