Back to: Оңалтатын құрал-жабдық және ЕДШ

Ортопедтік Рифтон РАСЕR жаттықтырғышы (Динамикалық Пейсер), АҚШ

Print
Base price
DYNAMIC PACER_048
Description

Пейсер (Рифтон) жүруді жаттықтырғышы (ходуноктар) ауыр қимыл бұзылыстары, соның ішінде балалар церебральды сал ауруы, парез, салдану және даму ақаулары бар мүгедектерге арналған. Қалқымалы үстіңгі жақтауы бар жаңа Динамикалық Пейсер - бұл жүру дағдыларын дамытуға арналған жаттықтырғыштар мен көмекші құралдар әлеміндегі революциялық серпіліс.
Өзге де маңызды инновациялардан басқа, құрастырылымдағы басты жетістіктердің бірі - жүру барысында дененің табиғи қозғалысына кедергі келтірместен, көлденең бүйірлік және тік жазықтықтарда емделушімен бірге қозғалу мүмкіндігі. Сондай-ақ, жаңа құрастырылымы Спейсерді ойлы-қырлы жерлерде пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өткен маңызды.
Ол пайда болғанға дейінгі барлық күрделі ходуноктар мен жүруге арналған жаттықтырғыштар емделушілерге жүру процесін толық дамытуға және оның дұрыс бейнесін сақтауға жол берместен, әлдеқайда табиғи түрде қозғалуға жағдай жасамады.
Жүру күрделі функция болып табылады. Біз жүру дағдыларын динамикалық оқыту туралы айтқан кезде, көбінесе байқалмайтын, алайда қалыпты жүру кезінде орын алатын дене мен дене салмағының маңызды қозғалыстарын айтамыз. Терапевтік қоғамдастықта жамбастың динамикалық қозғалыспен үйлесімділікте дұрыс орналасуы жүріп-тұруды үйренуде өте маңызды деген пікір бар. Жүруге арналған мамандандырылған жаттықтырғыш дұрыс орналасуға көмектеседі және табиғи жүру бейнесі үшін қажетті динамикалық салмақ жүктемесі мен салмақтың қозғалуын қамтамасыз етеді.
Динамикалық Пейсердің 4 өлшемі бар:
К 620 (Өкшеден бастап бүгулі түрдегі шынтаққа дейінгі қашықтық 48-73см.)
К 630 (Өкшеден бастап бүгулі түрдегі шынтаққа дейінгі қашықтық 61 - 89 см.)
К 640 (Өкшеден бастап бүгулі түрдегі шынтаққа дейінгі қашықтық 81 - 119 см.)
К 650 (Өкшеден бастап бүгулі түрдегі шынтаққа дейінгі қашықтық 86-124см.)