Функционалды қалыпқа келуге арналған қолмен жұмыс істейтін жаттықтырғыш. Аяқ гемиплегиясы бар емделушілерге, егде жастағы емделушілерге ұсынылады (аяқ бұлшықеттерін күшейту және тепе-теңдікті сақтау қабілетін жақсарту).
Функциясы нашарлаған аяқ бұлшықетінің күшін арттыру үшін, сондай-ақ тігінен орналасу күйін сақтау мүмкіндігін жақсарту үшін қолданылатын функционалды қалыпқа келуге арналған қолмен жұмыс істейтін жаттықтырғыш. Бұған физикалық жаттығулардың – аяқты қайта-қайта бүгіп-жазудың көмегімен, емделушінің қауіпсіз жатқан күйде жоғары және төмен сырғанауы есебінен қол жеткізіледі.
Қолдану көрсеткіштері: Буындардың бұлшықеттері мен қимылдау қабілетін қалпына келтіру; Тартылыс күші есебінен әртүрлі күрделілік деңгейлері; Емделушіні бағдарға алған белсенді жаттығулар; Аяқ бұлшықетінің күшін арттыру; Тепе-теңдікті сақтау қабілетіне жаттықтыру.
Сипаттамалары: Өлшемдері: 2180(Ұ)X550(Е)X740-1380(Б)мм; Емделушінің барынша көп рұқсат етілген салмағы: 150 кг; Номиналды кернеуі: AC 220В/230В; Жиілігі: 50/60Гц; Тұтынылатын қуат: 100Вт; Жаттықтырғыштың салмағы: 111 кг.
Жеткізу жинағы: Сырғымалы орындық, аяқтың астына тірек, басқару пульті, байланатын белдік, бекітетін қысқыш.