Жүріп үйрену үшін қолданылады. Тұтқалар екі деңгейде орналасқан, бұл тігінен орналасу күйі мен қозғалыс бағытын сақтап тұру үшін бір уақытта қолтықпен де, қолмен де сүйенуге мүмкіндік береді.
Артықшылықтары:
• Бұйым көлденеңінен орналасқан 2 жұп тұтқамен (қоссырықпен) жабдықталған.
• Тұтқалардың әр жұбы екі бағытта – тұтқалары арасындағы арақашықтық жағынан және биіктігі жағынан реттеледі.
• Тұтқаның орналасу күйін бекіту құлақты бұрандамен жүзеге асырылады.
• Еденнен тұтқаның осіне дейінгі биіктік: 46....116 см, ол 10 см-лік адыммен реттеледі.
• Тұтқалар арасындағы арақашықтық: 0…590 мм. Біртіндеп ретке келтіріледі.
• Қаңқасы 3x3 см профильді құбырдан және диаметрі 25 мм болатын дөңгелек қималы құбырдан жасалған.
• Тұтқа диаметрі 51 мм болатын дөңгелек қималы құбырдан дайындалған.
• Жабын – полимерлі ұнтақ бояу
Орыс тіліндегі пайдаланушы нұсқаулығы.
Бұйым тіркелген және ҚР бүкіл аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат берілген.