Еденге арналған ‘Тамбл Форме 2’ Делюкс орындығы орындықтан және тіреуіш-негізден тұрады. Орындық «велкро» беттерін пайдалана отырып, тіреуіш-негізге бекітіледі. Белдіктері бар жұмсақ орындық емделушіні қиынға соғатын күйге келтірусіз-ақ ыңғайлы орналастыруға мүмкіндік береді. Жұмсақ, икемді орындық емделушіге барынша жайлылық береді және гиперкинезбен ауыратын науқастарға келтірілуі мүмкін жарақаттанудың алдын алады. Кеудеге арналған бекіту жүйесі емделушілердің бойына қарай реттеледі. Орындықтың арқалығы мен орындық арасындағы қатынас 90 градус, ол дұрыс «отыру» күйін қамтамасыз етеді. Емделуші дененің симметриялы орналасуына мүмкіндік беретін орындықтың ойығына отырады да, қолды сәл алдықа қарай орналастырады. Бекіткіштің белдіктері оңай реттеледі.
Орындықты негізде тігінен де, көлбеу күйде де орналастыруға болады.
Еденге арналған ‘Тамбл Форме 2’ Делюкс орындығы сондай-ақ «отыру» жағдайында қалыпты тепе-теңдік ұстап, басының орналасуын бақылай алмайты, дамуы жағында кешеуілдеуі бар неврологиялық патологиялы емделушілер үшін позициялық бақылауды қамтамасыз етеді.