Тербелмелі платформа емдік дене шынықтырумен айналысуға арналған және балалар церебральды сал ауруын кешенді функционалдық емдеу мен тірек-қимыл аппараты аурулары бар науқастарды оңалтуда қажетті құрал болып табылады. Платформа қозғалыстар үйлесімділігін және тепе-теңдікті ұстап тұра білу қабілетін жаттықтыру үшін пайдаланылады.
Ол платформадан және оған екі жағынан бекітілген, тербелу бұрышын шектейтін тіректері бар жартылай дөңгелек доғалардан тұратын құрылғы.
Емделушінің дайын болуы дәрежесіне қарай платформада жатуға, отыруға немесе тұрып тұруға болады.
Платформаның металл қаңқасы платформаның аударылып кетуіне жол бермейтін тіректермен жабдықталған.
Платформа сырғанауға қарсы жабынмен жабдықталған.
Қаңқа металдың тот басудан ұзақ уақыт қорғалуын қамтамасыз ететін полимерлі ұнтақ бояумен қапталған.
Бұйым тіркелген және ҚР бүкіл аумағында медициналық практикада қолдануға рұқсат берілген.