Back to: Оңалтатын құрал-жабдық және ЕДШ

Ортопедтік велосипед, АҚШ

Print
Base price
велосипед blue9
велосипед7
Description

Мүгедектерге арналған оңалтатын үш дөңгелекті велосипедтер тізенің бүгілуі мен жазылуын жүру кезінде орын алатын реттілікпен дамыта отырып, жүру дағдыларын үйренуге арнап жасалған. Сондай-ақ қозғалысы бұзылған пайдаланушының үлкен жылдамдықпен және ұзақ қашықтыққа өз бетімен жүріп-тұруына арналған. Барлық жастағы балаларға, сондай-ақ балалар церебральды сал ауруы және басқа да тірек-қимыл аппараты аурулары бар ересектерге жарамды. Велосипедке мініп жүру пайдаланушыға тек рахат сыйлап қана қоймайды, сонымен қатар жақсы физикалық жүктеме береді. Онымен жүру кезінде барлық бұлшықет топтары жұмыс істейді. Бұл бұлшықеттер өте маңызды және қажетті айналмалы циклдік қозғалыстар жасайды, бұл қозғалыстар барысында олар созылып, бүгіледі және ширығады. Сонымен қатар, дененің тепе-теңдігі тұрақталады. Құрдастармен қатар велосипедке мініп жүру емдеу процесін қызықты, әрі әлдеқайда тиімді етеді, пайдаланушыны ынталандырып, әлеуметтік дағдыларын, коммуникативтілігін дамытады.
Ерекше балалар мен ересектерге арналған велосипед жеңіл жүрісті және баяулатушы берілісті болуы керек. Біріншіден, бұл қауіпсіз, екіншіден, механиканың жылдамдық жағынан ұтылсаң, күш жағынан жеңесің деген алтын қағидасы іске қосылады. Бұлшықеттері өте әлсіз пайдаланушының өзі педаль айналдырып, бейімделгенімен қозғала алады.
Егер пайдаланушы арқасын ұстай алмаса, ерге тұрақты отыра алмаса, онда ол тік арқалыққа мықтап бекітілуі тиіс.
Мүгедектерге арналған велосипед аударылылып кетпеуі тиіс, оның ауырлық орталығы барынша төмен, ал артқы дөңгелектері арасындағы қашықтық мүмкіндігінше үлкен болуы керек.
Аяқ жетегі бар «Рифтон» (Рифтон, АҚШ) оңалтатын үш дөңгелекті велосипедтер мүгедектерге, соның ішінде балалар церебральды сал аурулары барларға, кез келген жастағы және дене бітімдегі балаларға арнап жасалған және өте қолайлы.
Рифтон велосипеді бастапқыда функциялары айқын бұзылған балалар церебральды сал ауруы бар бала және ересек мүгедектерге, мүгедектердің қажеттіліктеріне қарай бейімделген бірде-бір велосипедпен жүре алмайтын пациенттерге арнап жобаланған.

Рифтон велосипедінің аналогтардан артықшылығы
Үлкен мыжылмайтын дөңгелектерінің және аса тұрақтылықпен қатар дөңгелек қозғалысының бір осьтік принципінің арқасында велосипед өте жеңіл жүреді. Жетек артқы бір дөңгелекке жасалады, бұл сыртқы дөңгелекпен бұрылыстардан өту кезінде құрылымның тежелуінің болмауын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде әлсіздігі айқын мүгедектер осы велосипедті қолдана алады. Сондай-ақ бір дөңгелекке түсетін жетектің арқасында тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін артқы дөңгелектердің арасын кең етіп ашуға болады.
Жақтау ұзын педальдарды (бүкіл табанға) қамтиды, олардың барлық қозғалыс фазаларында, соның ішінде ілесіп алып жүретін адамның көмегімен сылбыр қозғалып келе жатқан кезде де педальдарды дұрыс ұстап тұруға арналған артқы және алдыңғы алынып-салынатын кішкентай сымарқандары бар, кішкентай сымарқандар тобық буындарындағы жүру кезіндегідей циклдік ілеспелі бүгіп-жазуды қамтамасыз етеді; және табандарды бекітіп тұруға арналған «сандалдары» бар, сандалдардың баулары табанның жылжып кетуіне жол берместен, оны барлық жазықтықтарда сенімді түрде бекітіп тұрады.
Қозғалыстың өте оңай басталуы, гиперкинезбен ауыратын пайдаланушының велосипедті аударып тастай алмауы.
Тұрақты платформа велосипедке ересек адамды да, мүгедек баланы да оңай, әрі қауіпсіз отырғызуға мүмкіндік береді.
Аласа жақтау, реттеліп отыратын рөл мен алынып-салынатын бүйірлік шектегіштері бар денені ұстап тұратын арнайы жүйе велосипедке оңай отырғызып, оңай түсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Велосипедтерді сыртта да, үйдің ішінде де пайдалануға болады. Есіктер арқылы кіріп-шығуға


Терапевтік көзқарас тұрғысынан алғанда велосипед не береді?
Ынталандыру
Бұлшықет күшінің дамуы
Вестибулярлық аппараттың дамуы
Кеңістіктік түйсінудің дамуы
Әрі қарай жүріп үйрену үшін аяқты қозғалту дағдыларының дамуы
Сіресімдердің алдын алу, буындар икемділігінің дамуы және сақталуы
Мүсіннің дұрыс ұсталуы және аяқ-қолдардың бұлшық ет тонусының сақталуы
Денені, иық пен басты бақылаудың дамуы
Тізенің бүгілуі мен жазылуын жүру кезінде орын алатын реттілікпен дамыта отырып, жүру дағдыларын үйренуге арнап жасалған. Сондай-ақ қозғалысы бұзылған пайдаланушының үлкен жылдамдықпен және ұзақ қашықтыққа өз бетімен жүріп-тұруына арналған.
Қосымша құрылғылар велосипедті барлық мүгедектерге дерлік, соның ішінде айқын шектеулері бар адамдардың пайдалануына мүмкіндік береді.
Аяғының ішкі ұзындығы 30-56см болатын балаларға арналған кіші өлшемді Х320 ортопедтік велосипеді (Рифтон бейімделгіш велосипеді)
Аяғының ішкі ұзындығы 48-71см болатын балаларға арналған орташа өлшемді Х330 ортопедтік велосипеді (Рифтон бейімделгіш велосипеді)
Үлкен өлшемді Х340 ортопедтік велосипед (Рифтон бейімделгіш велосипеді)
Үлкен орындығы бар Х341 жақтауы