Мүгедек балаларға арналған Дженкс Мультистендері – 9 айдан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған әмбебап вертикализатор. Баланың алдыға, артқа еңкейіп ұсталған түрде тігінен орналасқан күйде, сондай-ақ міндетті түрде тігінен орналасқан күйде болуына мүмкіндік береді.
Негізгі сипаттамалары:
• Вертикализатордың құрастырылымы баланы вертикализатордан шығармастан, тірек беті мен басқыштың биіктігін бірқалыпты және оп-оңай реттеуге мүмкіндік береді.
• Вертикализациялау гидравликалық амортизатордың көмегімен жүзеге асырылады, оны бұғаттан шығару аяқ педалімен орындалады, осылайша ілесіп алып жүрушінің екі қолы да сүйемелдеу процесіне қатыса алады.
• Жамбасты орташа алшақтату және ішкі ротациясын жасау мүмкіндігінің арқасында жамбас буындары жағдайында проблемалары бар балаларды вертикализациялау мүмкіндігі.
• Вертикализатордың көлбеулігі бұрышын көлденеңінен орналасу күйіндегі 10°-тан тігінен орналасқан күйдегі 90°-қа дейін реттеу мүмкіндігі.
• Мультистендерде жамбас буындары жағдайында проблемалары бар балаларды вертикализациялау үшін жамбасты орташа алшақтату және ішкі ротациясын жасау мүмкіндігі бар.
• Бас сүйегіштің орналасу күйі баланың қажеттіліктеріне қарай үш жазықтықта реттеледі.
• Инновациялық кішкентай үстел – ойын ойнап, оқуға арналған бет– биіктігі мен көлбеулік бұрышы жағынан реттеледі және оны алып тастауға болады. Кішкентай үстелдің шектегіштері бар.
• Тізе блоктары ені, биіктігі, тереңдігі және ротациясы жағынан барлық бағыттарда реттеледі. Бүйірлік тірек блоктары оңай өңделетін, сұйықтықты сіңірмейтін, тігісі жоқ, сыртқы жағынан тегіс, жұмсақ көбік материалынан жасалған. Бекіткіш белдіктерді жуу үшін оңай шешіп алуға болады.
Қауіпсіздік мақсатында төрт роликтің барлығы бұғатталады.