Кері көлбеулікті вертикализатор бастан өткерілген жұлын және бассүйек-ми жарақаттарынан кейінгі, шұғыл араласулардан кейінгі, инсульттан кейінгі, сондай-ақ ұзақ уақыт жатқан (көлденең) күйде болғаннан кейінгі, балалар церебральды сал ауруының ауыр сатысындағы науқастарға ұсынылады.
Кері көлбеулікті вертикализатор СН-38.05 электрлі жетектің көмегімен көлбеу бұрышы бірқалыпты өзгеретін және емделушінің өз салмағын пайдалана отырып, омыртқасын тарту мүмкіндігі бар үстел түрінде болады. Көлденеңінен орналасу күйінде вертикализатор уқалауға арналған кушетка ретінде немесе қолмен ем жасауға және емдік дене шынықтыруға арналған үстел ретінде пайдаланыла алады.
Сыртқы күштің көмегімен омыртқаны созуға арналған қосымша құрылғыны орнату мүмкіндігі қарастырылған. Вертикализатор сақтандыру белдіктерімен, көкірекшемен, шынтақ таяныштарымен және пациентті сүйеп тұруға арналған тұтқалармен жабдықталған. Омыртқаны «басымен төмен» күйінде созған кезде аяқты бекітіп тұруға арналған құрылғысы бар.
Көлбеулік газ серіппесінің көмегімен жүзеге асырылады. Бүйірлік тіректер, аяқты қысқыш пен көкірекше емделушіні сенімді түрде бекітуге мүмкіндік береді.
Кері көлбеулікті вертикализатор СН-38.03 адамның көлденеңінен орналасу күйінен тігінен орналасу күйіне және керісінше бірқалыпты өтуін жүзеге асыруға, сондай-ақ науқас ұзақ уақыт жатып тұрғаннан кейін вестибулярлық аппаратты жаттықтыруға арналған.